Өзбекстанда қалдықсыз өндіріс жүйесі енгізіледі

Қосшы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Өзбекстан болашақта полиэтилен пакеттерді қолдануға толықтай тыйым салып, қағаз қалталарға көшуді жоспарлап отыр. Ал пластик өнімдерді міндетті түрде қайта өңдеуді қарастыратын жаңа жүйе әзірлемек. Бұл үшін тіпті тұрғындардан пластик бөтелкелерді сатып алу ісі жолға қойылады.

Қалдықсыз өндіріс жүйесі кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Өндірушілер мен импорттаушылар пластикті қайта өңдеуді қарастыратын жоба түзіп, босаған құтыларды қабылдайтын орындар жасақталады. Автоматты сұрыптау құрылғылары қалдықты жинау мен қайта өңдеу процесін айтарлықтай жеңілдетпек.

Базаркүл Отыншиева, тілші:

Өзбекстанда жыл сайын 10 млн тоннадай тұрмыстық қоқыс шығарылады. Оның шамамен 10 пайызы мынадай пластик құтылар мен бұйымдар. Ел билігі енді пластикті өңдеудің жаңаша тәсіліне көшпекті. Ол үшін халыққа ақша төлеуді жоспарлап отыр. Тағы бір қадам полиэтилен пакеттердің орнына күнделікті тұрмыста мынадай қағаз қалташаларды қолдану кеңінен таралмақ.

Пластик құты мен басқа да ыдыстарды арнайы орындарға тапсырғандар сол үшін сыйақы алады. 2026 жылдан бастап алкогольсіз сусын өндірушілер пластик құтының кем дегенде 50 пайызын қайта өңдеуі керек. Ал келешекте бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді

Нодир Шеркулов, Өзбекстан Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бас маманы:

Жерге түскен бір дана пластик құты өздігінен шіріп жойылуы үшін шамамен 500 жылдай уақыт кетеді. Күн сайын қанша мыңдаған ыдысты қоқысқа лақтырамыз. Ал олардан ғасырлар бойы ауаға, қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келетінін ойлаудың өзі қорқынышты.

Полиэтилен пакеттерге де толығымен тыйым салынуы мүмкін. Мұның мерзімі 2027 жылға жоспарланған. Кеңінен қолданылатын қалташалардың орнын, қағаз немесе матадан жасалған дорбалар алмастырады. Полиэтилен пакеттер өндірілмейді, шеттен әкелуге тыйым салынады.

Ташкент қалаcының тұрғыны:

Қағаз қалташалар адам денсаулығына залалсыз, қоршаған ортаның тазалығына әсері мол. Ең бастысы олар полиэтилен пакеттің орнын алмастырады, бұл өте тиімді әрі ыңғайлы деп ойлаймын.

Көрші ел қалдықтан пайдалы шикізат өндіру бағытындағы жұмыстарды жан-жақты жүргізуге мүдделі. Былтыр 300 мың тоннадай тұрмыстық қалдық қайта өңделген. Кәсіпорындар саны да артып келеді.

Базаркүл Отыншиева