Лос-Анджелесте иммиграциялық қызметтің рейдтеріне қарсы ауқымды шеру өтті. Соңғы мәліметке қарағанда, наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласқан. 300-ден астам демонстрант тұтқындалды. Манифестацияны тарату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қаруын қолданды. Айта кетсек, осы акция қарсаңында полицейлер заңсыз мигранттардың соңына түсіп, 44 адамды ұстаған.
Бұл рейдтер президент Дональд Трамптың заңсыз иммиграциямен күрес науқаны аясында жүріп жатыр.
Арыстан Рысбек