Жамбылда асыранды баласын өлтірді деген күдікпен өгей әкесі ұсталды

Жаңалықтар

Жамбыл облысында 10 жасар баланың өліміне күдікті ретінде өгей әкесі ұсталды. Оқиға Талас ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

HALYQSTAN Telegram-арнасының жазуынша, қайтыс болар алдында өгей бала соққыға жығылған. Бұл отбасы Жуалы ауданында тұрады және олар тағы төрт асыранды баланы тәрбиелеп отыр.

Қайғылы оқиға болған күні олардың Талас ауданында не істегені тергеу барысында анықталмақ. Қазіргі уақытта 35 жастағы ер адам қамауға алынғаны белгілі.