0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Көктемде су таситын кезде Есіл өзені бассейніне лық толған суды Торғай өзені арқылы Арал теңізіне жіберу идеясы бұрыннан бар. Бірнеше бөліктен тұратын канал салып, соған Үкімет мән беруде. Сұрау салған депутаттарға берген жауабында вице-премьер Қ.Бозымбаев «Каспий-Арал бассейнінің экожүйесін қалпына келтіру және су тасқынын басқару жөніндегі халықаралық қордың» тапсырысы бойынша «Есіл өзенінің бір бөлігін Торғай өзені мен Арал теңізі бассейніне бұру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобаға кіретін құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны – 324,4 млрд теңге. Жоба аясында 3 учаскеден тұратын канал салынуы керек: «Есіл-Торғай» – ұзындығы 42 км; «Қарақол-Сарыөзен» – ұзындығы 52 км; «Шалқартеңіз-Арал» – ұзындығы 183 км. Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі суды бассейндер арасында қайта бөлу мәселелерін кешенді зерттеп жатыр», — деген.
Бірден Ертіс-Қарағанды каналының тарихы еске түседі. Сарыарқа төсінде су тапшы еді. 1959 жылдың жазында Қаныш Сәтбаев КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы А.Косыгинге Ертіс-Қарағанды каналының құрылысының маңыздылығын негіздеп, жеті жылдық жоспарға енгізуге ықпалдасты. Осының алдында Қаныш Сәтбаев отандық ғалымдарға мәселені шешу жолын ұсынуды тапсырады. Есептерін алып барған – қазақтан шыққан алғашқы энергетик ғалым Шафик Шоқин. Ол әріптестерімен бірге Орталық Қазақстанды сумен жабдықтау мәселесін Ертіс өзенін бұру арқылы шешуге болатынын дәлелдеді. Іске асуына 10-ға жуық жыл кетсе де, салынды. Ел игілігіне айналғанына 50 жылдан асты.
Егер Есілдің көктемде тасыған суын Аралға жіберу идеясы ғылыми, басқа да жағынан құпталса, мәселе тек қаржы болып қалады. Ал сыбайластарымен 1,6 млрд теңге қаржы жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған Жетісу облысы Сарқан аудандық білім бөлімінің бас есепшісі сияқты ұрылардың азаймай тұрғанын ескерсек, ақша табуға болады. Амангелді Сейітханның сараптамасы.