Жаңа алаяқтық схема: жоғары жалақы ұсынатын жаңа сайт пайда болды

Жаңалықтар

Елімізде азаматтарға жоғары жалақы ұсынатын күмәнді сайт пайда болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сайтта ұсынылған жұмыс мәтіндерді көшіріп жазумен байланысты. Internet Freedom Telegram-каналының жазуынша, сайттың жұмыс схемасы ескі әрі қарапайым:

  • Мәтіндерді қайта теру үшін жоғары төлемдер ұсынылады. Бір бет үшін 600 теңге;
  • «Жеке кабинет» ашу үшін ақы талап етіледі. Әдетте 5 мың теңге шамасында;
  • Табыс көлемінің тартымдылығы. Айына 400 мың теңгеге дейін.

Алайда, төлем жасалғаннан кейін алаяқтар жоғалып кетеді. Ал, чат автоматты түрде жойылады, осылайша ақшаны қайтару мүмкін болмайды.

Маңызды ескерту: алаяқтар сайтының мекенжайы – rabotafrls.com/kz.