Мәскеуде базалық мөлшерлеме тағы көтеріледі

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтсе, Ресейден экспортталатын мұнайға тариф 25 пайызға өседі. Әлем бойынша экономикалық шектеулер ең көп салынған көрші елде қазір ахуал тұрақсыз. Инфляция өсіп, Орталық банк базалық мөлшерлемені тағы көтермек.

Үндістанның ең ірі мұнай өңдеушісі Үнді мұнай коропорациясы Ресей мұнайына балама іздеу қажеттігін мәлімдеген. Ақ үй санкция энергетика және банк саласына әсер ететінін ескерткен. Сондықтан Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені тағы көтермек. Тек былтырдың өзінде базалық мөлшерлеме бес рет көтеріліп, елді қымбатшылық жайлады.

Ярослав Кабаков, сарапшы:

Мойындау керек, қазіргі таңда Ресейге инвестиция тарту мүмкін емес. Көптеген салалар тұралап қалды. Қымбаттап жатқан азық-түлік түрлерін субсидиялау еш нәтиже бермеді. Себебі бізің бюджетте тепе-теңдік жоқ. Базалық мөлшерлемені қайта қайта көтергеннен пайда жоқ.

Ресей мұнайының бағасы барреліне 5 долларға дейін қымбаттамақ, сондықтан қара алтыннан көптеген мемлекеттер бас тартуы мүмкін. Бұл ұлттық валютаның құлдырауына сеп болмақ. Сарапшылар бір доллар 150 рубльге дейін барады, дейді. 2022 жылы оның құны 60 рубль болған. Одан бөлек, елде авиа, автомобиль өндірісі тоқырауда.

Олег Николаев, кәсіпорын басшысы:

Бүгінгі күні тек Қытай, Үндістан және Беларусь елімен ғана сауда жасап отырмыз. Техника шығаруға мүмкіндік бар, бірақ шикізат жоқ. Себебі біз оны шетелден алатын едік. Логистика бұзылып, өндіріс күшінің азаюына әкеп соқты. Бұрын әріптестік орнатқан компаниялар бізбен жұмыс істеуден бас тартты.

Ресей әзірге SWIFT халықаралық төлем жүйесіне қосылмайтын болды. Себебі елдегі банктердің 95 пайызы санкция астында.

Дархан Рахымжан