Щучинскідегі жеке тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрттің салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапты, өрт қойды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Щучинскіде екі адамның өмірін қиған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын тұрғын үйге өрт қойған. Салдарынан аталған үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлім етті Ақмола облыстық ПД.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Щучинск қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққанын жазған едік. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер мен әйелдің денесін алып шыққан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева



