Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness .kz сайты.
Мольберттерде орналасқан көрме өнер галереясына жақын атмосфераны қалыптастырады және көрерменнің әрбір архив құжатын мұқият қарауына мүмкіндік береді.
"Бүгінгі көрме әз-Наурыз мейрамына арналып отыр. Президенттің тапсырмасымен Наурызды тойлау мүмкіндігі кеңейіп, жаңаша көзқараспен тойлануда. Наурызнама аясында Астана қаласының мемлекеттік архиві қорымыздағы бай мұрамызды халыққа дәріптеу мақсатында Наурызды XX ғасырда қалай тойланғаны туралы құжаттар көрмесін арнайы ұйымдастырып отырмыз", — деді Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин.
Көрмеде 1927 жылғы 16 наурыздағы "Наурыз" күнін өткізу жөніндегі Ақмола уездік атқару комитеті комиссиясының хаттамасынан үзінді, 1998 жылы Целиноград қаласында алғаш рет өткен "Наурыз" мерекесінің бағдарламасы, 1989 жылы 19 наурызда "Коммунизм Нұры" газетінде Целиноград қаласының мәдени-ағарту мекемелерінің 1989 жылғы жұмысы туралы есептері жарияланған, Целиноград қалалық мәдениет бөлімінің 1990 жылы Целиноград қаласында Наурызды мерекелеуге орайластырылған қалалық ақындар айтысы өткізілгені туралы ақпараттық есебі, Қ.Қуанышбаев атындағы Ақмола облыстық драма театрының әртістері дайындаған Наурызға арналған театрландырылған қойылым өткізгені, Целиноград қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1991 жылы "Наурыз-91" жалпықалалық мерекесін дайындау және өткізгені туралы фотоқұжаттар көпшілік назарына ұсынылған.