Желі қолданушылары Астанада жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік жүргізушісінің әрекетін талқылап жатыр. Жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған.
Жаяу жүргіншіні көлік қаққан сәт түсірілген видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды.
Кадрлардан көліктің жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, артынша оқиға орнынан ұзап бара жатқанын көруге болады.
"Қызды қағып кетіп, өз жолымен кетіп қалды" – делінген видео сипаттамасында.
Жарияланымға қатысты Астана қалалық полиция департаменті жауап берді.
"Jetour Т2 автокөлігінің жүргізушісі анықталды, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп хабарлады полиция.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



