Бүкіләлемдік «Жер сағаты» экоакциясы өтіп жатыр. Сағат 20:30-да жарық шамдары сөндірілді. Шара 1 сағатқа дейін жалғасады. Ондағы мақсат – электр қуатының қолданылуын қысқартып, табиғатқа келетін зиянның залалын азайту. Игі шараға Қазақстан халқы да белсене қатысты.
Жаһан жұрты жарықсыз отыр. Әлемде «Жер сағаты» акциясына 1 млрд-тан астам адам атсалысты. Бізде де науқанға қатысқан қарашаның қарасы қалың. Мәселен, бас шаһарда 50-ден аса нысанның жарығы өшті. Оның ішінде Ақорда, Бәйтерек монументі, бас мешіт бар. Сондай-ақ оңтүстік астанамыз Алматы қаласында да Көктөбе телемұнарасы мен қалалық мекемелердің жарығы сөнді. Қалған өңірлерде де осылай.
Айгерім Жиенбек, Жер елшісі:
- «Жер сағаты» акциясы жабайы жануарлар қорымен ұйымдастырылған. Ол бүкіләлемдік акция болып келеді. Қазақстан да оған қатысады. Әртүрлі ғимараттарда шамдар өшеді. Бұл экологиялық мәселелерге назар аудартуға керек акция болып саналады.
Атаулы акция алғаш рет 2007 жылы Австралияда бастау алды. Бүгінде бұл науқан әлемнің 180 мемлекетінде аталып өтті. Бас-аяғы 4600-ден астам қала да жарық сөнді.
Самира Иманғалиева, Жер елшісі:
- Бұл акцияның басты мақсаты – бұл осындай жаһандық климаттың өзгеру проблемасына назар аудару. Біздің табиғат ресурстарымыз, сонымен қатар басқа да энергия көздерін сақтауға бағытталған бүкіл әлем бойынша. Бұл акция неге өткізіледі? Себебі осындай күрделі, өзекті проблемаларға бүкіл мемлекеттердің азаматтары, тұрғындары осындай акцияға қатысып, өзінің үлесін қосса деген үмітпен жасалынады.
Аңсар Омар, Жер елшісі:
- Мысалы, жалпы айтқанда 2-3 адамы бар отбасыда осы акцияға қатысу арқылы мыңдаған киловатт энергия үнемдейді 1 сағаттың ішінде. Ал бұл әлемдік неде айтатын болсақ, 2 млрд-тай адам қатысады. Бұл енді млрд-таған, млн-даған киловатт энергия үнемдеуге үлес қосады.
Ал Қазақстан халқы 16 жылдан бері атаулы науқанға қатысып келеді. Бүгін 20 өңірдегі 500-ден астам мемлекеттік мекемеде электр қуаты сөндірілді.
Сауалнама:
- Біріншіден, әлемде болып жатқан барлық бастаманы қолдау керек. Бұл енді үнемдеу мақсатында ғой. Экология жағынан болсын бір сағатқа электр энергияны өшіргеннен адамдар кем болып қалмайды деп ойлаймын.
- Мен «Жер сағаты» акциясын қолдаймын. Себебі бұл экономикаға көмектеседі. Бұл акция жас ұрпақты электр энергиясын үнемдеуге тәрбиелейді.
- Менің ойымша бұл акция өте дұрыс. Өте қажет.
- Дұрыс деп ойлаймын. Өйткені энергия бізде көп қолданылады. Ең болмағанда бір жылда бір рет өшіріп тұрған жақсы деп ойлаймын.
- Мен «Жер сағаты» туралы білемін. Жақсы қараймын. Электр энергиясын үнемдеген дұрыс қой.
- Бұл акцияның экологияға және электр энергиясын үнемдеуге тигізер әсері зор. Егер әлемдік деңгейде осы бастаманы қолдап, әр азамат өз үлесін қосатын болса, нәтиже болады деп ойлаймын.
Сондай-ақ науқанды дүйім дүниеге таныту үшін әлемге әйгілі Париждегі Эйфел, Лондондағы Бигбен мұнаралырының да жарығы өшті. Осы арқылы «Жер сағаты» қозғалысының ұйымдастырушылары жаһан жұртын жалпы әлемдік акцияға қатысуға шақырды.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Аружан Серікқызы, Мұрат Әріпханов