Спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек

Жаршы

Сондай-ақ Президент: «Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек», — деді. Мәселен, 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қазынаға қайратылды.

Тиісті жұмыстар жүргізілген соң 4,1 млн гектар жер қолданысқа берілді. Бірақ әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана игерушілерге бөліп берген. Алайда енді жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұдан бөлек, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. «Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар ол жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеуді тапсырды.