Президенттің Қазақстанды цифрлы елге айналдыру туралы айтқанын көпшілік оң қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы: «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін жұмысты жаңа тәсілмен жүргізу керек», — деді. Оны іске асыру мақсатында арнайы министрлік ашу қажеттігін де айтты. Сонымен қатар Үкіметке экономиканың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды. «Мұндай батыл бастама ел дамуына айтарлықтай ықпал етеді», - дейді ел тұрғындары.
Блиц 1:
- Біздің Қазақстанда цифрландыру жақсы дамып келе жатыр. Сондай-ақ бүкіл әлемдік деңгейде жақсы орында көрсетудеміз. Соған байланысты жасанды интеллекті бойынша жаңа министерліктің ашылуы біздің цифрландыру деңгейін одан да жақсы деңгейге көтереді, бізге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Блиц 2:
- Қазіргі уақытта кез келген ақпаратты жасанды интеллекті арқылы адаммен сөйлескендей сөйлесе отырып ала аламыз. Қазіргі кезде мұғалімдер, шығармашылық адамдар қолданып жатса, келешекте ғылымға да енеді деп ойлаймын.
Блиц 3:
- Мен бағдарламалау маманы ретінде жасанды интеллектіні қолданамын. Сондай-ақ оны керемет күш көмек деп санаймын.