Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

Жаңа күн

Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорданың мәліметінде.