Бүгін таңғы 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облысы:
— «Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
— Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
— «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды.