Тараздағы зауыттардың бірінде электр трансформатор өртенді

Жаңалықтар

Бүгін, 16 наурызда таңертең Таразда орналасқан зауыттардың бірінде электр трансформаторы өртенді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.