Қазақстандық төртінші боксшы қыз Сербиядағы әлем чемпионатының финалына шықты

Жаңалықтар

Аида Әбікеева бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан төртінші қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбікеева жартылай финалдық жекпе-жегінде айтарлықтай қиындық көрген жоқ. Ол ресейлік Елена Бабичеваға қарсы кездесуді сенімді өткізді.

Аида жекпе-жек барысында басымдыққа ие болып, нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының төрт боксшысы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Виктория Графеева (60 келі) жартылай финалда жеңіске жеткен болатын.