Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды

Жаңалықтар

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде D тобында Аустралия және Колумбия командаларымен сынға түседі. Матчтар Аустралияның Брисбен қаласында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құраманың бас бапкері, капитан Юрий Щукин төмендегі спортшыларды таңдады: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Жібек Құламбаева

Қазақстан құрамасы 10 сәуірде Аустралиямен, ал 11 сәуірде Колумбиямен ойнайды.

Топтық кезеңде бірінші орын алған алты команда Қытайда өтетін финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Оларға 2024 жылғы әлем чемпионы Италия және турнир қожайыны Қытай қосылады.

Ал 2-3 орын алған командалар плей-офф кезеңінде өзара күш сынасып, зоналық топтық турнирлердің үздік командаларымен бірге келесі айналымға өтеді.