Қазақстан төлқұжатымен 92 елге визасыз саяхаттауға болады

Жаңалықтар

Қазақстанның 90 мыңнан астам азаматы шетелде білім алып жатыр, сонымен бірге қазақстандықтар шетелге демалысқа да жиі шыға бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"90 мыңнан астам азаматымыз шетелде білім алып жатыр, бұл біздің қоғамның ашықтығын көрсетеді. Қазақстандықтар демалыста шетелге жиі шыға бастады. Біздің ұлттық көгілдір төлқұжатымыз 92 елдің шекарасын визасыз кесіп өтуге мүмкіндік береді.

Біздің еліміз халықаралық аренада "орта держава" деп аталады. Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттарының өңірлік орталығын ашу туралы қарарды қабылдады. Бұл – еліміздің әлемдегі ықпалы мен беделінің дәлелі", - деді Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтай отырысында.