2025 жылдың 14 наурызында Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов елімізде жаңа көлік иелерінің құқығы қалай қорғалатыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылы индустриялық саясат туралы заң аясында техникалық күрделі тауарларға қатысты норма енгізілгенін еске салды. Оларға көліктер, қайықтар және тракторлар кірді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау стандарттары бұл өнімдерге қолданылмайды.
"Сондықтан қазір Мәжілісте жатқан заң жобасында бұл норма қайтадан алынып тасталды. Яғни, статус-кво қалпына келтірілді. Біздің жұртшылық мұндай нормаға қарсы", – дейді Серік Құсайов.
Ол комитетке автосалондарға қатысты шағымдар көп түсетінін баса айтты. Олар сапасыз жаңа көліктерді кепілдікке ауыстырғысы келмейді немесе ақшасын қайтарғысы келмейді.
"Жаңа көліктер сатып алуда, өкінішке орай, менде қазір ешқандай статистика жоқ.Бірақ қарапайым мысал. Zeekr көлігін сатып алды. Шағым түсті. Тұтынушының құқығын қалпына келтіргісі келмеді. Олар оны ары бері шапқылатты. Ақырында тұтынушы біздің көмегімізге жүгінуге мәжбүр болды. Ал біз тұтынушылардың құқығын қорғай алдық", – дейді комитет басшысының орынбасары.
Бұған дейін болат пен алюминийге баж салығы енгізілуіне байланысты көліктердің қымбаттауы мүмкін екені хабарланған болатын.