Қазақстанда колониядан босатылғандар үшін уақытша тұру ұйымдары пайда болады

Жаңалықтар

Еңбек министрлігінің 2025 жылғы 6 наурыздағы бұйрығымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ереже тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу ұйымын құруды көздейтін тармақпен толықтырылды.

Олар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда және халқының саны 100 мыңнан астам облыстық маңызы бар қалаларда мемлекеттік секторда құрылады.

Халық саны 50 мың және одан да көп ауылдарда, аудандарда, ауылдық округтерде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша бір аудан деңгейінде уақытша болу ұйымын құруға жол беріледі.

Қағида, мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың саны кемінде 50 адам болатын жағдайда құрылады. Стационарлық, жартылай стационарлық түрлер мен тұрмыстық қызметтердің қызметін ұйымдастыру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар саны кемінде 25 адам болатын аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, аудандарда, ауылдық округтерде ашылуы мүмкін.

Бұл ретте бір-бірінен бес шақырымнан асатын радиуста үйге қызмет көрсету ұйымдары құрылады.

Бұйрық 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы қызметтерді көрсету стандарттары өзгергенін айтқан болатынбыз.