"Қазгидромет" РМК мамандары бүгін Алматы мен еліміздің тағы алты қаласының тұрғындарына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандар ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары (АМС) туралы айтады.
"2025 жылғы 14 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде. "Қазгидромет" РМК
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғаны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.