Бүгін Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындаңы Әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсеткен қыздардың үшеуі жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ширек финалда отандасамыз Виктория Графеева (60 келі) өзбекстандық Ситора Турдибековамен жолы түйісті. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Нәтижесінде ол әлем чемпионатының жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (50 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жартылай финалына шықты. Ол Айсен Ташкинмен қолғап түйістірді. Алда ол Солтүстік Корея спортышысы Кум Анмен шеберлік байқасады.
Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) сербиялық Сара Мильковичпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде төрешілер оның жеңісіне қолдау білдірді.
Дүбірлі додада бокстан әйелдер Қазақстан құрамасы сапында 12 спортшы бар, олардың 10-ны жарыстың аталған сатысына дейін жетті.