"Қатты жел, жауын-шашын, +19°C". Еліміз бойынша 14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар

Синоптиктер алдағы жұмада, 2025 жылдың 14 наурызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, антициклон еліміздің басым бөлігінде болатын жауын-шашынсыз ауа райын айқындайды.

"Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ғана фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс тіркеледі, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп болжанады", — дейді гидрометео орталық мамандары.

Сондай ақ синоптиктер еліміздің үш ірі мегаполисіне қатысты ауа райы болжамын ұсынды:

Астанада — аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°C, күндіз шамамен: 0°C.

Алматыда - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°C, күндіз: +11...+13°C.

Шымкентте — күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +17...+19°C.

Бұған дейін 14-16 наурыз аралығында Алматыда жаңбыр жауып, ауа температурасы 15°С-қа дейін көтерілетінін хабарлағанбыз.