Түркістан облысында оқушы бала суицид жасады

Жаңалықтар

Түркістан облысында оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, жасөспірім 10-сыныпта оқитыны белгілі. Оқиға Бәйдібек ауданында болған. Қайғылы оқиғаның себептері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған.

"Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалды. Тиісті нұсқаулар берілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", — деп түсіндіреді Түркістан облысының прокуратурасы.

Аталған іс облыстық прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы орта мектеп оқушысы суицид жасағанын, қазір полиция іс қозғап, тергеу жүріп жатқанын хабарлағанбыз.