Қадағалау органы жүргізген талдау барысында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтерінің негізсіз жоғары белгіленуіне байланысты экологиялық заңнаманың өрескел бұзулуы анықталды.
Атап айтқанда, М.Жұмабаев, Мамлют, Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарының лауазымды тұлғалары Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, тарифтерді есептеу кезінде қалдықтарды сұрыптау шығындарын негізсіз қосқан.
Мысалы, М.Жұмабаев ауданының коммуналдық кәсіпорны көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін 319 тенге мөлшерінде төлем алып отырған, оның 51 теңгесі қоқысты сұрыптау шығындарына жатқызылған.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, мәслихаттардың шешімімен тарифтерге тиісті өзгерістер енгізілді.
Нәтижесінде Мамлют, Есіл, М.Жұмабаев, Тайынша, Тимирязев аудандарында тарифтер орта есеппен 31 теңгеге төмендетілді.
Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде 5 мыңнан астам тұтынушының құқықтары қорғалды, артық төленген қаражат кейінгі төлемдерге индекстеу арқылы өтелетін болады.
Азаматтардың құқықтарының сақталуы қадағалау органының бақылауында.