Сэнфордтағы сәйкестік

Жаңалықтар

«Құдіретті Брюс» фильмінде басты кейіпкер Құдаймен 776-2323 нөмірі арқылы байланысады. Фильмнің оқи­ға­сы өтетін Буффало қаласында бұл нөмір бос болғанымен, басқа өңір­лерде нақты адамдарға тиесілі еді.

Көрермендер Құдаймен сөйле­суді қалағандықтан ба, әлде жай қызығу­шы­лықтан ба – осы нөмірге жаппай қоңырау шала бастады. Ең ерекше жағдай Солтүстік Каролина штатының Сэнфорд қаласында болды. Себебі бұл нөмір жергілікті шіркеуге тиесілі болып шықты. Фильмнен кейін шір­кеу қызметкерлері аяқ астынан жүздеген қоңырау қабылдауға мәжбүр болды. Осы күт­пеген жағдайдан кейін фильмнің DVD нұсқасында нөмірді 555-0123 деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Себебі 555 бастамасы АҚШ-та тек ойдан шығарылған телефон нөмірлері үшін қолданылады.