Ақтауда 11 жасар бала жарылған құбырдан атқылаған ыстық су астында қалып кеткен

Жаңалықтар

Ақтауда дәрігерлер жылу желісіндегі апат кезінде күйік шалған баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz жазатайым оқиға 2025 жылдың 4 наурызында 15 ықшам ауданда болғанын жазады.

2014 жылы туған баланың аяғы тайып кетіп, магистральдық жылу желісінің зақымдалған құбырынан атқылаған ыстық су астында қалып кеткен. Коммуналдық қызметтер жылу құбырындағы апат туралы жайттан оқыс жағдай орын алғаннан кейін хабардар болған.

"Баланың екі жамбасы, саны және төменгі аяғының бөліктері күйіп қалған. Денедегі күйік ауданы 30% құрайды. Күйік жарақатына байланысты оның жағдайы ауыр. Есін біледі, бірақ мазасыздық бар. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде емделуде. Жүрек соғысы мен тыныс алу тұрақты. Травматологтармен бірге күйік жаралары орындарын хирургиялық зарарсыздандыру сипатында ем-дом шаралары жүргізілді. Науқас әлі жансақтау бөлімінде". Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасы

Қазіргі уақытта бала II-III дәрежелі күйіктер диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр.

2025 жылдың 19 қаңтарында Қосшы маңындағы ауылда газ жарылып, тағы бір жасөспірімді күйік шалған болатын.