Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек

Жаңалықтар

Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама, деп хабарлайды оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда буллингпен күрес шеңберінде 110 мектепте "KiVa" бағдарламасы пилоттық түрде жүзеге асырылуда, сондай-ақ "ДОСБОЛLiKe" отандық буллингке қарсы бағдарлама әзірленді. Пилоттық жоба 50 мектепте ұйымдастырылуда.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "ДОСБОЛLiKe" антибуллингтік бағдарламасын барлық мектептер мен колледждерде енгізу жоспарланып отыр", — деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикер мектептердегі балалардың буллинг әрекеттері үшін олардың ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ мектептердегі психологиялық қызметтер мен мектепішілік есепке алудың бірыңғай қағидалары қабылданды.

Бүгінгі таңда 82% есепке алынған балалар проактивті түрде қосымша біліммен қамтылған. Зардап шеккен балаларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ведомствоаралық жедел әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілді", — деді оқу-ағарту вице-министрі.