Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданылатын заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламент депутаттарының бастамасымен заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Оны Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутаттың айтуынша, түзетулер енгізілген жаңа заң жобасы институт ретінде жойылмаған пәтер иелері кооперативтері қызметінің ашықтығына қойылатын талаптарды енгізу, сондай-ақ тұрғындардың кондоминиумды басқару нысандары мен шарттарын таңдауы үшін барынша еркін құқықтық орта құру мәселесін тиімді шешеді.
Ол үшін заң жобасына кондоминиумды басқарудың екі түрі енгізілген. Бірі мүлік иелерін біріктіру, екіншісі тікелей бірлескен басқару. Ал қарапайым серіктестіктер жеке нысан ретінде алынып тасталады, бірақ іс жүзінде басқарудың екінші нысаны түрінде өз жұмысын жалғастыра алады.
«Басқару субъектілерінің үш түрі қолданылады:
- басқарушы компания;
- кәсіби басқарушы;
- пәтер иелерінің кооперативі.
Пәтер иелері кооперативтерінің басқару субъектісі ретіндегі қызметіне жаңа талаптар қойылады:
- оларды қайта тіркеу тәртібі;
- құқық белгілейтін құжаттарды беру тәртібі;
- жұмыстың ашықтығына қойылатын талаптар.
Сондай-ақ:
- меншік иелері бірлестігі төрағасының өкілеттік мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғаяды;
- меншік иелерінің бірлестігіне үйді басқару жөніндегі қызметті өз еркімен жүргізуге құқық беріледі;
- құрылыс салушының бірінші пәтерді сатқаннан кейін кондоминиумды тіркеу міндеттемесі көзделеді.
Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктерін кеңейту:
-
кәсіби басқарушыларда біліктілік сертификатының болуы;
-
кондоминиум объектісін тіркеудің болуы;өзгерістер
-
тұрғын үй-жайды пайдалану нормаларын сақтау», делінген заң жобасында.
Е. Смышляева ұсынылған өзгерістер көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының құқығын қорғауға бағытталғанын атап өтті.