Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойылатыны рас па: қалалық мәдениет басқармасының өкілдері жауап берді

Жаңалықтар

Ресейлік БАҚ-та Алматыда марқұм саясаткер Владимир Жириновскийге ескеркіш қойылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Бұған қатысты Алматы қалалық мәдениет басқармасының өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының мәдениет басқармасына Владимир Жириновскийге ескерткіш қою туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ", — делінген ведомство хабарламасында.