11 наурызда түнгі уақытта Астана қаласының Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған Audi маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында көлікті басқарған жүргізушінің 17 жаста екені және өзімен бірге ешқандай құжаттары болмағаны анықталды. Сонымен қатар, аталған автокөлік оның әкесіне тиесілі екені белгілі болды.
Заңбұзушылыққа байланысты жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптары бойынша шара қолданылды. Сонымен қатар, басқару құқығы жоқ адамға көлік құралын пайдалануға рұқсат бергені үшін көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған коммуналдық тұраққа қойылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана. Қаласы Патрульдік Пп (@polk_pp_ast)
Астана қаласы gолиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызды екенін еске салады.
"Жасөспірімдерге көлік құралын басқаруға рұқсат беру олардың өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретінін ескертеміз", — делінген хабарламада.