Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) бүгін, 2025 жылғы 12 қыркүйекте, Damu Bala платформасы арқылы балалар шығармашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген 23 млн теңгенің жымқырылуына қатысты деректер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚМА Абай облысы бойынша департаменті тергеуді аяқтаған.
"Тергеу барысында "SAMGAU өнер&спорт мектебі" ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, балалармен өткізілетін сабақтар туралы жалған мәлімет бергені анықталды. Ай сайынғы жалған деректерге негізделген есептер бойынша уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған үйірмелерге мемлекеттік қаржыландыру жүргізіп отырған". ҚМА баспасөз қызметі
Ұсынылған есептерде шын мәнінде сабаққа қатыспаған балалардың есімдері көрсетілген. Кейбірі тіпті бағдарламаның "қатысушысы" екенін білмеген.
Мысалы, бір бала Абай облысындағы сурет үйірмесіне қатысушы ретінде көрсетілгенімен, шын мәнінде Алматы облысында тұрады және ешбір үйірмеге қатыспаған.
Агенттік мәліметінше, мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залалды күдікті тергеу барысында толық өтеген.
"Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды". ҚМА баспасөз қызметі
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 2025 жылғы 14 тамызда Қызылордада кәсіпкерлерден "Даму бала" платформасы арқылы 88 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша үкім шығарылған болатын.