Халықаралық және республикалық автомобиль жолдарын басқару ұлттық операторы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бүгін қозғалысты шектеу туралы жедел ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 11 наурыз сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу енгізілді:
Қарағанды облысы:
- "Ақшатау – Ағадыр – Ортау" – "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 0-180 шақырым аралығы (Ақшатау ауылы – Ұлытау облысының шекарасы).
Ұлытау облысы:
- "Ақшатау – Ағадыр – Ортау" – "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 180-195 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Ағадыр ауылы).
Жолды 2025 жылғы 11 наурыз сағат 18:00 ашу жоспарланған.
11 наурыз сағат 08:00-ден бастап 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілді:
Ақмола облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).
Қарағанды облысы:
- "Астана-Караганда-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).
Қостанай облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).
Ұлытау облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды.
2025 жылдың 10 наурызында Қазақстанда қарлы боран салдарынан ондаған жол учаскелері жабылғаны хабарланған болатын.