"Жаңа өмірдің бастауы": марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды

Жаңалықтар

Былтыр күзде Талғарда ұлы Шерзаттан айырылып, орны толмас қайғыға ұшыраған Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымова жаңа үйге қоныстанды. Қоғам белсендісі Дінмұхамед Қаматай халықтың арқасында баспана сатып алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белсенді Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желідегі парақшасында бұл игі іске атсалысқан барлық жанашыр азаматтарға алғыс айтты.

"Қайғылы жағдайдан кейін Перизаттың отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық.

Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған – сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. Қоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді", — деді ол.

Перизат Нұрымова да халыққа алғыс айтты.