"Астана "борандатып" жатыр". Елордалық төтеншеліктер мәлімдеме жасады

Жаңалықтар

Астана қаласында 11 наурызда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Осыған байланысты құтқарушылар үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел мен бұрқасын кезінде жарақат алмас үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды:

  • "112" құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде, оған дұрыстап ден қойыңыз;
  • ауа райы жағдайы мен жолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты елеусіз қалдырмаңыз;
  • дауылды ескерту жарияланған кезде, әсіресе қараңғы уақытта ұзақ сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар;
  • қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;
  • жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
  • көшеде абай болыңыз. Боран мен бұрқасын айналаны көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ-киім киіңіз;
  • жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту желісі дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
  • Көшеде ұзақ тұрмаңыз, аяз бен үсік шалу қаупі жоғары.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "101" және "112" нөміріне хабарласыңыздар!

Бұған дейін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатқанын жазғанбыз.