"Қазгидромет" РМК Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысын, солтүстігін, оңтүстігін тұман басады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
5 наурызда түнде Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Жезқазған қаласында 5 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астана қаласында кей уақытта қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында қар жауады, күндіз облыстың батысында қалың қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында кей уақытта қар, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі.
5 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында түнде жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 17-22 м/с жетеді. Атырау қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл өзендері аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с баруы мүмкін.
5 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.