Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл

Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актёрі Құман Тастанбековтің туғанына — 80 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актёр 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актёрлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.

Актёрдің алғаш ойнаған рөлі – "Қыз Жібек" фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін "Қыс – мазасыз маусым", "Ағам менің", "Ерекше күн", "Аққулар ұшып келеді" т.б. фильмдеріне түсті.

"Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады", – деп жазады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Актёр 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша "Парасат орденімен" марапатталды.