Жаңалықтар

Алматы мен Астанада алдағы күндері аптап ыстық болады

Алматы мен Астанада алдағы күндері аптап ыстық болады

Синоптиктер 15-17 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

15 шілде — Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +23…+25 градус.

16 шілде — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +28…+30 градус.

17 шілде — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

15 шілде — Алматыда көшпелі бұлт шығады, кешке қарай қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.

16 шілде — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз қатты ыстық — +33…+35 градус.

17 шілде — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз қатты ыстық — +35…+37 градус.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget