Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Боултерді 6:0, 7:5 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.
Елена алты рет эйс жасап, екі қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Рыбакина турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік теннисші Мирра Андреевамен шеберлік байқасады.
Еске салайық, Елена Рыбакина осыдан үш апта бұрын Дубайда өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Мирра Андреевамен кездесіп, тартысты матчта жеңіліп қалған еді.