Қазақстандық спортшылар 10-16 наурыз аралығында қандай жарыстарда ел намысын қорғайды
10-15 наурыз: Биатлоннан IBU кубогінің 8-кезеңіЖарысқа Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.Өтетін орны: Отепя қ., Эстония. 10-18 наурыз: Пара жүзуден Әлемдік кезеңХалықаралық жарыста 5 спортшымыз өнер көрсетеді.Өтетін орны: Линьяно-Саббьядоро қ., Италия. 11-14 наурыз: Пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 турниріӘлемдік сайыста 5 спортшымыз ел намысын қорғайды.Өтетін орны: Коста-Брава қ., Испания. 12-13 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңіЖарыста ел құрамасынан 2 спортшы жүлдеге таласады.Өтетін орны: Осло қ., Норвегия. 13-16 наурыз: Конькимен жүгіруден жекелей қашықтықтағы әлем чемпионатыҚазақстан құрамасынан 5 спортшы бақ сынайды.Өтетін орны: Хамар қ., Норвегия. 13-17 наурыз: Дәстүрлі садақ атудан «Жақсығұл мерген» атындағы Азия кубогіЖарысқа 10 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Түркменстан және Қытай мемлекеті бар.Өтетін орны: Шымкент қ. 14-16 наурыз: Шорт-тректен әлем чемпионатыҚазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.Өтетін орны: Бейжің қ., Қытай. 14-16 наурыз: Семсерлесуден Гран-при жарысыБұл турнирге 14 спортшы қатысады.Өтетін орны: Будапешт қ., Мажарстан. 14-16 наурыз: Велоспорттан Ұлттар кубогі турниріЖарыс жолына 9 спортшымыз шығады.Өтетін орны: Конья қ., Түркия. 14–16 наурыз: Каратэден Karate1 Premier League турниріБәсекеде ел құрамасынан 13 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Ханчжоу қ., Қытай. 14-17 наурыз: Таэквондодан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатыІшкі біріншілікке 15 облыстан 500 спортшы қатысады.Өтетін орны: Орал қ. 15-16 наурыз: Фристайл-могулдан әлем чемпионатыЕл намысын 7 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Энгадин қ., Швейцария.