Енді Милад кермедегі жаттығудың финалына қатысады.
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан гимнастикадан әлем кубогында қазақстандық Милад Карими күміс медаль алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еркін жаттығу сайысында ол 14,300 ұпай жинады. Бұл екінші орын алуға мүмкіндік берді.
Сайыс барысында беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.
Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылы ол әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола медаль алды. Ал Азия чемпионатында бір мәрте чемпион атанса, үш мәрте күміс, төрт мәрте қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, Жазғы универсиада бір алтын, екі күміс, бір қола алды.