Надежда Морозова әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Жаңалықтар


Әлем кубогы аясында қысқы Олимпиада жолдамалары сарапқа салынуда.


Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем Кубогының төртінші кезеңінде күміс жүлдеге ие болды. Ол 1500 метр қашықтықты 1 минут 54,98 секундта бағындырып, екінші орын алды.

Бұл жарыста жапониялық Михо Такаги 1:54.95 нәтижесімен жеңіске жетсе, норвегиялық Рагне Виклунд 1:55.18 уақыт көрсетіп, үшінші орынға тұрақтады. Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елизавета Голубева 1:56.84 нәтижемен сегізінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдамалар әлем Кубогының осы төрт кезеңінің жалпы қорытындысы бойынша үлестіріледі.