София Ақтаева Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жаңалықтар

Жылдың басында София жасөспірімдердің Әлем Кубогы кезеңінде тарихи алтын медальді жеңіп алған болатын.

Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында семсерлесуден бірінші жүлде түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

София Ақтаева шешуші сында Алара Атмакамен (Түркия) чемпиондық атақты сарапқа салып, өте шиеленісті өткен кездесуде 13:15 есебімен жол берді.