Бүгін, 8 наурызда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында "Сарыөзек-Қарашоқы" тасжолының 25-шақырымында жеңіл көлік қарға батып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көмек сұралған бойда ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына аттанды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қар құрсауынан төрт жеңіл көлік шығарылып, 12 адам аман-есен құтқарылды. Барлығы ересектер, зардап шеккендер жоқ.
Жүргізушілер сапарларын өз бағыттары бойынша жалғастырды.
"Қысқы жолда мұқият болыңыз! Алыс сапарға шығар алдында ауа райын тексеріп, қажетті жабдықтарыңызды дайындап алыңыз!" Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі