Атырау облысында екі адам жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен

Жаңалықтар

Кеше кешке екі адам Атырау облысы Құлсары қаласынан Шөл қала учаскесіне жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешке құтқарушыларға көмек сұрап туыстары хабарласты.

Бүгін, 8 наурызда таңертең ТЖМ іздестіру тобымен жоғалғандар "Бес ағайын" қыстағында табылып, Құлсары қаласына жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Белгілі болғандай, олар ауа райының қолайсыздығына байланысты бара жатқан жерлеріне жете алмай, қыстақта көмек күтіп тығылып отырған.