Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында өткен "Қарасора" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тұрғын үйлердің бірінің ауласынан және ішінен есірткі заттары анықталды.
Тінту кезінде 2 түп қарасора өсімдігі, синтетикалық есірткіге ұқсас 3 пакет, 6 пакетке салынған марихуана, пипеткалар, орамалар мен таразы тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде рәсімделді.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тәркіленген заттарға сараптамалар тағайындалды. Күдікті тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Іс Маңғыстау облысы полиция департаментінің бақылауында.