"Қайрат" футбол клубы 24 жастағы бразилиялық шабуылшымен толықты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қайрат" және "Виктория" Пльзень клубтары бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісімге келді", — делінген клубтың Instagram желісінде жарияланған хабарламада.
"Қайрат" ФК-ның мәліметінше, Рикардо Виана Фильо – Сан-Паулу штатының тумасы, осы аттас клубтың түлегі. Кәсіби мансабын "Гремиода" бастаған, кейін "Атлетико Гоияниенсе" (Бразилия) және "Маритиму" (Португалия) клубтарында ойнаған.
2023 жылдың басында болгариялық "Левскиге" ауысып, команда көшбасшыларының біріне айналған. Ол 56 матчта 20 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
2024 жылғы жазда чехиялық "Виктория" Пльзеньмен келісімшартқа отырып, оның сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған.
2025 жылдың алғашқы жартысында израильдік "Маккаби" Хайфада 11 матч өткізіп, 1 гол соққан.