"Орталық Азия – Қытай" үшінші саммиті қайда өтеді

Жаңалықтар

"Орталық Азия – Қытай" форматындағы хатшылықтың бас хатшысы Сунь Вэйдунның айтуынша, үшінші саммит 2027 жылы Қытай Халық Республикасында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрақты кездесулер тетігіне сәйкес, саммит әр екі жыл сайын Қытай мен Орталық Азия елдерінде кезекпен өткізіледі.

"Алты елдің басшылары Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастардың үздіксіз дамуы үшін келесі саммитті дәл осы форматта өткізуге уағдаласты", — деді Сунь Вэйдун саммиттен кейінгі баспасөз брифингінде.

Бұған дейін "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитінің қорытындысы бойынша қандай құжаттар қабылданғаны хабарланған еді.