Астанадағы жол апатында қос аяғынан айырылған Алуа ауруханадан шықты

Жаңалықтар

Астанадағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен Алуа Бекен ауруханадан шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов брифинг барысында мәлімдеді,.

Вице-министрдің айтуынша, зардап шеккендердің барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Аяғынан айырылған қыз бала да толық көлемде ем алған.

– Бүгін ол стационардан шығарылды. Медициналық көмек толық көрсетілді. Өкінішке қарай, өмірін сақтау үшін аяқтарын кесуге тура келді, – деді Мұратов.

Енді қызға арналған жеке оңалту бағдарламасы жүзеге асырылады.