Алайда, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.
Атырау қаласындағы №2 қалалық сот мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының бұрынғы бас есепшісіне үкім шығарды. Ол 49 миллион теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.
Сот мәліметінше, сотталушы 2023 жылдың маусым айынан бастап аталған мекемеде есепші, ал қыркүйек айынан бастап бас есепші лауазымында қызмет еткен. Сол уақыттан бастап мекеме директорының сеніміне кіріп, оның электрондық қолтаңбасын, сондай-ақ "1С" және "Парус" бағдарламалық жүйелерін заңсыз пайдаланған. Бұл жүйелер арқылы өзінің және сенімді адамдардың есепшоттарына заңсыз түрде қаржы аударып отырған.
Нәтижесінде, ол алаяқтық жолмен 49 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын иемденген. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса ірі көлемде алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы мүлікті жымқыру") бойынша айып тағылған.
Оқи отырыңыз: Трамптың отбасы 499 доллар тұратын "алтын" смартфон шығарды
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, тергеу материалдарымен, маман және аудит қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен расталған. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.